«Детектив» 45 келі есірткіні тапты

«Детектив» 45 келі есірткіні тапты

Ұлттық ұлан жауынгерлері қызметтік иттің көмегімен 45 жастағы жергілікті тұрғынның үйде және сарайда сақтаған сөмкелерінен 45 кг қарасораны тәркіледі.

23 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында 5548 әскери бөлімінің маман-кинологы кіші сержант Асан Әбдікәрім «Детектив» атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Жаңаөзен қаласының Теңге кентінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сөмкелеріне жасырылған жалпы салмағы 45 келі кептірілген қарасора тауып алып, тәркіледі. 10 келі қапшықта жасырылған қарасораның бірінші бөлігі күдіктінің үйінен табылған, ал қалған 35 келі қарасора сарайда, сондай-ақ үй иесінің бақшасындағы үйдің ауласынан өсірілген қарасораның 180 данасы табылған.

«Детектив» қызметтік иті бес жылдан бері қызмет етеді. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет кинологиялық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ төрт аяқты «достар» ұландықтарға есірткі сатушыларды ұстауға және есірткі құралдарын іздеуге көмектеседі.

«Батыс-ақпарат»