GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Аймақтар
Комитет туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Бекет Ошакбаевич Кульбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Комитет төрағасының орынбасары Ренад Калидулович Ахметов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департамент жұмысының басым бағыттарын атап өтіп, қойылған мақсаттардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Сәйкестік аудиті
Қаржылық есептілік аудиті
Камералдық бақылау
Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметін үйлестіру
Сапаны бақылау
Ішкі аудит қызметтерімен байланыс
Цифрландыру және тәуекелдерді талдау басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Заң басқармасы
09 октября 2026
ІМАК 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті кеңейтілген отырыста 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарып, қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады.

Отырыс Қаржы вице-министрі Даурен Кенбеилдің және Комитет төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.

Есепті кезеңде 829 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Олардың нәтижесінде 612,9 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталып, 466,2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді.

Отырыста аумақтық департаменттердің жұмыс нәтижелері және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң қаржылық тәртіпті сақтау және тиімсіз мемлекеттік шығыстарды қысқарту үшін бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Комитет отырысында Даурен Кенбеил бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейтуді, аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыруды және анықталған тәуекелдерге уақтылы ден қоюды тапсырды.

Алдағы жұмыстың басым бағыттары ретінде мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру, бұзушылықтардың алдын алу жұмысын күшейту және бюджеттік тәуекелі жоғары салаларда бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау айқындалды.

 

 

Сапаны бақылау
Цифрландыру және тәуекелдерді талдау басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Заң басқармасы
02 октября 2026
Шығыс Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінде «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптарын практикалық тұрғыдан қолдану бойынша түсіндірмелер беріліп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар айтылды.

Сәйкестік аудиті
Қаржылық есептілік аудиті
Сапаны бақылау
Ішкі аудит қызметтерімен байланыс
Цифрландыру және тәуекелдерді талдау басқармасы
15 сентября 2026
ІМАК бухгалтерлік есептегі цифрлы мониторингтің ауқымын кеңейтті

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың жұмысындағы бюджет заңнамасының сақталуын бақылауда қашықтан мониторинг жүргізу мен тәуекелдерді бағалау тетіктері кеңінен қолданылып келеді. Бұл тәсіл болжамды кемшіліктерді дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі – тәуекелдерді басқару жүйесі. Аталған тәсіл мемлекеттік ұйымдардың қаржылық және бухгалтерлік операцияларын онлайн режімде талдап, бюджет қаражатын пайдалану кезінде туындауы мүмкін сын-қатерді анықтауда септігі мол.

Бұл жұмысты ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті атқарып келе жатқанын айта кетейік. Биыл комитет бюджеттің шығыс бөлігіне онлайн-мониторинг жүргізумен қатар бухгалтерлік операциялардың талдау ауқымын да кеңейтті. Айталық, бүгінде қашықтан жасалатын мониторингпен 14 мың мемлекеттік ұйым қамтылған. Тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы сомасы 22 трлн теңгеден асатын 598 млн астам бухгалтерлік операцияға талдау жасауға оң әсер етті. Нәтижесінде, анықталған тәуекелдерге сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шамамен 166 млрд теңгеге хабарламалар уақтылы жолданды. Оның ішінде 141 млрд теңгенің тәуекелі дер кезінде жойылды.

Мұндай тәсілдің басты артықшылығы – қаржылық есеп қалыптастырылғанға дейін тікелей есепке алу процесінде әрекет етуге жол ашылады.

Анықталған кемшіліктерді тиісті ұйымдар деректер қаржылық есепке енгізілместен бұрын олардың активтер, міндеттемелер мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттың дәйектілігіне әсер етпей тұрған кезінде реттей алады. Әсіресе бұның республикалық бюджетке байланысты шоғырландырылған қаржылық есепті қалыптастыру кезінде маңыздылығы жоғары.

«Цифрлы деректер есепке алудың жай-күйін нақты уақыт режімінде көруге әсер етеді. Бұған дейін қандай да бір кемшілік тіркелгеннен кейін анықталып жататын. Қазір мемлекеттік ұйымдардың қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және мемлекетке экономикалық залал тигізуі мүмкін әрекеті немесе бейәрекетін уақтылы тежеуге болады», деді Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров.

Осы орайда цифрлы мониторинг биыл қабылданған «Қазақстан Республикасында ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында нығайтылып келе жатқанын атап өткен жөн. Осыған сәйкес тәуекелге бағдарланған тәсілді, деректерді талдау мен превентивті бақылауды одан әрі дамыту көзделген. Ал келесі кезеңде ІМАК-нің цифрлы құралдарын біртұтас аналитикалық ортаға интеграциялау межеленген.

Осы мақсатта Smart Audit Qazaqstan (SAQ) мемлекеттік аудиттің интеграцияланған  аналитикалық ақпарат жүйесін іске асыру қолға алынды.

Аталған шешім 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіліп, көлемді мәліметтерді талдау мен жасанды интеллект технологияларын қолдану көзделген. Жобаның бірінші кезеңін 2027 жылдың басында аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінде комитеттің цифрлы құралдары болжамды сын-қатерді ерте анықтап, олардың алдын алуға бағытталған мониторинг мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға көмектесіп келеді.

 

Ішкі аудит қызметтерімен байланыс
Заң басқармасы
07 сентября 2026
Комитетте ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың негізгі бағыттары талқыланды

2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің ішкі аудит қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Іс-шара барысында ішкі аудит қызметтерінің қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, практикалық тәжірибе алмасу, аудиторлық іс-шараларды жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Семинар аясында ішкі аудит қызметтерінің 2026 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды. Атап айтқанда, аудит материалдарының сапасын бақылауды жүргізу және ішкі аудит қызметтерінің жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Талқылаудың жеке блогы мемлекеттік аудит саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге арналды. Қатысушыларға негізгі жаңашылдықтар мен оларды практикалық қызметте қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығының мамандары электрондық аудит жүргізудің техникалық аспектілерін кеңінен таныстырды.

Семинар барысында Комитет өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастырудың, сондай-ақ ішкі аудит қызметтерінің қызметінде туындайтын практикалық мәселелерін талқылады.

Мұндай іс-шараларды өткізу ішкі аудит қызметтері қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыруға, тәсілдердің бірізділігін қамтамасыз етуге және ішкі мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Ішкі аудит қызметтерімен байланыс
02 сентября 2026
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметінінің 2025 жылға жоспарлы жұмысын бағалаудың қорытындысы туралы

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ЖАО ІАҚ) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасымен Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - ІМАД)   жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңесте ЖАО ІАҚ жоспарлы бағалау қорытындылары, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарына жүргізілген сапа бақылауы мәселелері қарастырылды.

Объектілерді сапалы алдын-ала зерделемеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдаудың толық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізудің Стандарттары мен Қағидаларының жекелеген талаптарын сақтамау негізгі проблемалар мен жүйелі кемшіліктер болып табылады.

Ішкі аудит қызменінің жұмысын бағалау қорытындысын ескере отырып, Комитетпен аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексеру қамтуларын кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірленді және берілді.

Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.

Заң басқармасы
28 августа 2026
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде техникалық оқу өткізілді

2026 жылғы 19 тамызда Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Департамент басшысы Оразбай М.А.-ның төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.

Іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Омаров А.Б. сөз сөйледі.

Техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2023–2025 жылдар аралығындағы Департамент қызметіне жүргізген аудиторлық іс-шарасының нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әкімшілік іс жүргізу және сот практикасы салаларындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралды.

Аудит материалдарын прокуратура және қылмыстық қудалау органдарына беру тәртібіне, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізу негіздеріне, әкімшілік іс жүргізудің мерзімдері мен тәртібінің сақталуына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тыңдау рәсімін өткізуге, сондай-ақ сот материалдарын дайындау және сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыстың сапасын арттыруға, заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге және Департамент қызметінде бұдан әрі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеуге бағытталған шаралар айқындалды.

Ішкі аудит қызметтерімен байланыс
24 августа 2026
Комитет Ішкі аудит қызметтері үшін семинар өткізді: әдіснамалық көмек, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары және 2027 жылға арналған басымдықтар

Алматы қаласында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы облысы, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мен полиция департаменттерінің, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Ішкі аудит қызметтерінің (ІАҚ) қатысуымен ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізді.

Семинар барысында Ішкі мемлекеттік аудитті 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің үлгілік бағдарламаларын практикалық қолдану мәселелері қаралды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ІАҚ қызметінің қорытындыларына, аудит материалдарының сапасын бақылауға, аудиторлық қорытындылар мен ұсынымдардың толықтығы мен негізділігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, ІАҚ қызметі туралы ақпараттың анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін ҚБ/ТБЖ қосалқы жүйесіне аудит материалдарын уақтылы енгізу және есептілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Семинар аясында жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін, анықталған тәуекелдерді және ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін ескере отырып, 2027 жылға арналған ІАҚ аудиттерінің тізбесін қалыптастыру тәсілдері талқыланды.

Семинар өткізу әдістемелік көмек көрсетуге, ІАҚ-тың кәсіби әлеуетін арттыруға, аудит жүргізу тәсілдерінің бірізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталды.

 

Заң басқармасы
21 августа 2026
Құқық қолдану тәжірибесі және азаматтармен жұмысты жетілдіру

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға бағытталған техникалық оқу өткізілді.

Департамент басшысы Мұрат Асқарұлы Оразбайдың төрағалығымен өткен іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Асет Болатұлы Омаров шақырылды.

Оқу барысында Департамент қызметінде заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралды. Күнделікті жұмыс барысында қызметкерлерде туындайтын және шешім қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарауға, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік органның құзыреті шегінде жедел әрі объективті әрекет ету, толыққанды түсіндірмелер беру және нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Қаралған мәселелер Департаменттің алдағы жұмысы үшін тәжірибелік маңызға ие және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес азаматтармен ашық, қолжетімді әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған.

11 августа 2026
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жаңа төраға орынбасары таныстырылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Комитет ұжымына жаңа төраға орынбасары Олжас Нукаевты таныстырды.

Олжас Нукаев 1985 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы академиясында алған қаржы магистрі дәрежесі бар.

Олжас Нукаев мемлекеттік аудит саласындағы еңбек жолын 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында ревизор қызметінен бастаған.

Мемлекеттік аудит жүйесінде еңбек еткен жылдары ревизордан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі кәсіби жолдан өтті.

2019–2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап Олжас Нукаев Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмысын жалғастырып, Тәуекелдерді басқару басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Жаңа қызметінде мемлекеттік аудитті цифрлық дамыту және талдау мәселелерін, сондай-ақ SMART AUDIT QAZAQSTAN (SAQ) жобасын енгізуді қоса алғанда, стратегиялық бастамаларды іске асыруға жетекшілік етеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы