
Бүгін Сенат Парламентінде республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстары бойынша мемлекеттік аудиттің нәтижелеріне арналған Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысына дайындық аясында жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырысқа Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Асқарұлы Оразбай қатысты.
Талқылау барысында алдағы кеңейтілген отырыстың негізгі мәселелері қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстары бойынша мемлекеттік аудиттің нәтижелері, сондай-ақ әлеуметтік салада бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Қатысушылар мемлекеттік қаражатты пайдалануға бақылау жүргізуде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мен жүйелі тәсілді қолданудың маңыздылығын атап өтті, бұл өз кезегінде олардың пайдаланылуының ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырып, әлеуметтік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.