Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Іс-шара Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында өтті. Департамент басшысының орынбасарлары Гульнара Берниязова мен Алтай Кадралиев атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндады.

2024 жылы Департамент 85 аудиттік іс-шара жүргізді, оның 12-сі жоспарлы, 73-і жоспардан тыс. Нәтижесінде жалпы сомасы 39 056,4 млн теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • Қаржылық бұзушылықтар– 931,1 млн теңге;
  • Процедуралық бұзушылықтар– 7 446,1 млн теңге.

Бюджетке 930 млн теңге қайтарылды.

  • Тексеру қорытындысы бойынша:
    85 аудит объектісінеанықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы нұсқама берілді;
  • 102 лауазымды тұлғатәртіптік жауапкершілікке тартылды;
  • Бюджетке 72,7 млн теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылып, 70,4 млн теңге (97%) өндірілді;
  • 7 материалқұқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша:

  • Мониторинг барысында қаражат аудару кезінде 43 641 млн теңге сомасында айырмашылық пен сәйкессіздік анықталды;
  • 22 хабарлама 29 қызметкерге жолданды;

14 қызметкерге негізсіз аударылған 6,7 млн теңге қаражат қайтарылды, оның ішінде:

  • Бюджетке қайтарылған сома – 4,6 млн теңге;
  • Жалақыдан ұсталғаны және мекеме шотына қайтарылғаны – 2,1 млн теңге.

Камералдық бақылау шеңберінде 22 023-тен 21 835 хабарлама қамтылды. Ұйымдастырушыларға/тапсырыс берушілерге 2790 хабарлама жіберілді. Орындалмаған хабарламалар бойынша 56 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша 54 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.