
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Іс-шара Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтті. Департамент басшысының орынбасары Нұржан Тілеукабылұлы Сүлейменов атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндады.
2024 жылы Департамент 113 аудиттік іс-шара жүргізді, оның 29-ы жоспарлы, 84-і жоспардан тыс. Нәтижесінде жалпы сомасы 40,4 млрд теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
Бюджетке 275,4 млн теңге өндіріп алу қарастырылса, оның 182,6 млн теңгесі (66,3%) қайтарылды. Сонымен қатар, 20,2 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс қаражаттың 19,8 млрд теңгесі орнына келтірілді.
Тексеру қорытындысы бойынша:
✅ 93 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы нұсқама берілді;
✅ 107 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
✅ 146 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджетке 18,6 млн теңге айыппұл өндірілді;
✅ 7 материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.
Камералдық бақылау шеңберінде 687,3 млрд теңге сомасына 21 551 мемлекеттік сатып алу конкурсы талданды. Оның ішінде 93,1 млрд теңге сомасына 3 615 конкурста заңбұзушылықтар анықталып, тиісті хабарламалар жолданды.
Сонымен қатар, 2024 жылы онлайн-бюджеттік мониторинг аясында 11 білім беру бөлімінде 18,8 млн теңге сомасына тәуекелді төлемдер бақылауға алынды. Оның нәтижесінде 18 хабарлама жіберіліп, 3,1 млн теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұл қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.