Бағдарламаның кезекті тақырыбы «Мемлекеттік сатып алу заңындағы жаңашылдықтар» болды. Сұхбат барысында мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер туралы айтылды. Айта кететін өзгерістер мен толықтырулар:
-конкурс құжаттамаларын қарау мерзімі 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
-өтінімдерді қабылдау мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
-өтінімдерді қарау және қорытынды шығару мерзімі 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылып, сатып алу жеңімпаздары 10-12 жұмыс күні ішінде анықталатын болады.
Аз маңыздылығы бар сатып алуларды жүзеге асыру мақсатында бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға рұқсат етілген, яғни:
-тауарлар 100 АЕК дейін (369,2 мың теңге);
-жұмыстар мен қызметтер 500 АЕК дейін (1,846 млн теңге).
Ауылдық әкімдіктер үшін осындай тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шегі 3 000 МРП-ден 4 000 АЕК дейін ұлғайтылады (14,7 млн теңге).
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті.