Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2024 жылғы қызметінің қорытындылады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2024 жылғы қызметінің қорытындылады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде Қаржы вице-министрі Дәурен Кенбейлдің, сондай-ақ Комитеттің аумақтық департаменттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Отырыс барысында құрылымдық бөлімшелер басшыларының өткен жылғы қызметтің негізгі аспектілерін қамтитын баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері, тәуекелге бағдарланған тәсіл мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, сапаны бақылау мәселелері, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру жұмыстары талқыланды.

Ішкі мемлекеттік аудит саласында айтарлықтай өзгерістер болғаны атап өтілді. Цифрлық шешімдер мен аналитикалық құралдарды белсенді енгізу тексерулердің тиімділігін арттырып, бақылаудағы нысандарға жүктемені азайтуға және профилактикалық жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттар анықталды, оның ішінде ішкі бақылау сапасын арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға, аудиттің озық әдістерін енгізуге және мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыруға жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері мен басқармаларының басшыларына 2025 жылға арналған аудиторлық қызметті одан әрі жетілдіруге және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.