Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының м.а. бұйрығымен Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының лауазымына тағайындалды.
Комитет төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департаменттің қызметін күшейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды, ұжымға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.