Жамбыл облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында 2024 жылғы жүргізілген аудит бойынша Жамбыл облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің қорытындылары бойынша брифинг өтті.
Өз сөзінде департамент басшысының орынбасары Әмірхан Баймағамбетов қызметтің негізгі нәтижелерін атап өтті:
- 74 аудит іс-шарасы өткізілді: 14 жоспарлы және 60 жоспардан тыс, оның ішінде 11 Комитеттің тапсырмасы бойынша және 49 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша.
- 73 121,2 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 63 168,2 млн теңгені құрады. Бюджетке қайтарылуы тиіс бұзушылықтар 280,4 млн теңгені құрады, оның 68,3 млн теңгесі (24,3%) қайтарылды.
- Құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн теңгеге 4 материал берілді, оның біреуі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Мемлекеттік сатып алудың 99,3% процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды (26975-тен 26780). Ұйымдастырушылар/тапсырыс берушілерге 6398 хабарлама жіберілді, оның 6272-і орындалды (98,0%).
- 827 материал тіркелді, оның 664-ы қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 163-ы сотқа берілді.
- 100,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, бұл сомадан 95,0 бюджет кірісіне өндірілді.