Аумақтық департаменттер үшін бюджеттік төлемдерді қашықтан мониторингтеу құралдарын қолдану бойынша семинар

Аумақтық департаменттер үшін бюджеттік төлемдерді қашықтан мониторингтеу құралдарын қолдану бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне арналған «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін пайдалану бойынша оқу семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – бюджет төлемдерін проактивті форматта бақылауға, сондай-ақ цифрландыру мен талдамалық құралдарды енгізу арқылы аумақтық департаменттердің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулінің жаңа функцияларымен таныстыру болды.

Модульдің жаңа функциялары аудиторларға тиімдірек жұмыс істеуге, қаржылық тәуекелдерді жедел анықтауға және заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Цифрлық құралдарды қолдану деректерді өңдеу мен талдауға кететін уақытты қысқартады, бұл қаржылық бақылаудың сапасын едәуір арттырып, тәуекелдерді азайтуға және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, модульді пайдалану мемлекеттік қаржының ашықтығын қамтамасыз етіп, цифрлық аудитті дамытуға ықпал етеді, бұл ішкі мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірудің маңызды қадамы болып табылады.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алды және модульмен жұмыс істеудің практикалық аспектілерін талқылады.