
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің "Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-нің 2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудиторлық іс-шараларының қорытындылары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылдың І жартыжылдығында 62 аудиторлық іс-шара өткізді, аудитпен жалпы сомасы 14 747 108,6 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 10 735 300,9 мың теңгеге немесе жалпы қамту сомасының 72,8% бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
* 2 721 073,94 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
* 2 326 742,87 мың теңге сомаға процедуралық сипаттағы бұзушылықтар;
* ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу сомасы 5 687 484,09 мың теңге, оның ішінде:
- Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына ықпал ететін 3 345 637,51 мың теңге;
- 2 341 846,58 мың теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке есепке алу және өтеу бойынша қалпына келтіруге, көрсетуге 2 721 073,94 мың теңге жатады, оның ішінде:
- қалпына келтіруге 294 450,1 мың теңге жатады;
- есепке алу бойынша көрсетілуі тиіс 2 286 611,57 мың теңге;
- 140 012,27 мың теңге өтелуге жатады.
Қабылданған шаралар.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша есепті кезеңде аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 53 ұйғарым жіберілді, оның ішінде:
– толық көлемде орындалды-39.
Нұсқамаға берілген жауаптарға сәйкес жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 40 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2 695 746,67 мың теңге қалпына келтірілді, есепке алу бойынша көрсетілді және бюджетке өтелді, оның ішінде:
- қалпына келтірілгені 279 573,6 мың теңге;
- есеп бойынша көрсетілгені 2 286 611,57 мың теңге;
- бюджет кірісіне 129 561,5 мың теңге өтелді.
Департамент есепті кезеңде аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 9 490 594,5 мың теңге айыппұл түрінде 138 қысқартылған іс жүргізу хаттамасын шығарды, оның ішінде бюджет кірісіне 9 073 894,5 мың теңге немесе айыппұлдардың жалпы сомасының 95,6% өтелді.
Департамент есепті кезеңде құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 317 472,79 мың теңге сомасына 8 аудит материалдарын берді.
Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат.
Есеп беру кезеңінде Департаментпен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде шығарылған талаптардың, сұраулардың, қаулылардың негізінде құқық қорғау органдары тартқан мамандардың 47 қорытындысы дайындалды, қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 430 121 456,93 мың теңге, оның ішінде:
- прокуратура талаптары мен сұраулары бойынша 13 қорытынды;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қозғалған қылмыстық істер шеңберінде маманды тарту туралы қаулылары бойынша-32 қорытынды;
- Ақмола облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қаулысы бойынша-2 қорытынды.
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 429 591 168,69 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 446 858,49 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
- 429 144 310,2 мың теңге сомаға процедуралық сипаттағы бұзушылықтар.
Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар.
Есепті кезеңде Департамент қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік сатып алу туралы, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік заңнама нормаларын сақтау бойынша 71 семинар-кеңес өткізілді.
Департамент тұрақты негізде БАҚ және интернет-ресурстарда сөз сөйлеу жолымен аудиторлық қызмет нәтижелерін жариялау бойынша іс-шаралар өткізеді.
Департамент басшыларының орынбасарлары Antikor-live жобасы аясында Инстаграмда adaldyqalanyaqmola-да келесі тақырыптар бойынша 3 тікелей эфир өткізді:
- 2019-2020 жылдар нәтижелеріне сәйкестік аудиті;
- ішкі мемлекеттік аудит: Департамент қызметінің негізгі бағыттары;
- заңнаманың сақталуын камералдық бақылау.
2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер.
"Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-де елеулі бұзушылықтар анықталды, оның ішінде "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413-IV заңының 147-бабының талаптарын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармақшасы және 97-бабының 3-тармағы талаптарын бұза отырып, мекеме 120 000,0 мың теңге сомасында бөлінген қаражаттан тыс міндеттемелерді негізсіз қабылдады, олар Департаменттің қабылдаған шараларымен бюджет кірісіне қайтарылды.