Бюджеттік төлемдердің қашықтықтан мониторингі бойынша аумақтық департаменттер үшін семинар

Бюджеттік төлемдердің қашықтықтан мониторингі бойынша аумақтық департаменттер үшін семинар

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Тәуекелдер басқармасы атынан «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін пайдалану бойынша аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне арналған оқу семинарын өткізді. Бұл модуль ағымдағы жылдың 7 қарашасында Қаржы министрлігі ұйымдастырған Digital Finance Day  іс-шарасында сәтті енгізілді.

Семинар аясында комитеттің тәуекелдер басқармасының басшысы Олжас Нукаев қатысушыларды жүйенің функционалдық мүмкіндіктерімен және бюджеттік төлемдер мониторингінің әдістерімен таныстырды.

Бұл ретте, негізгі екпін – бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына ашықтық пен бақылауды қамамасыз ету.

Қатысушылар бұзушылықтарды анықтау және деректерді талдау бойынша практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың уақытылы тәсілдерді және нақты режимде заңсыз операциялардың алдын алу туралы білді.

Алынған білім мен дағдылар аумақтық департаментке аудиторлық іс-шаралардың сапасын жақсартуға және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға ықпал етуге мүмкіндік береді.