Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған бірлескен дәрістері

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған бірлескен дәрістері

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Заң басқармасының басшысы Әсет Омаров пен Сәйкестік аудиті басқармасының басшысы Әсел Ашанова тәжірибе алмасу және бірыңғай практиканы енгізу, сондай-ақ Комитет пен прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған дәріс сабақтарына қатысты.

Кездесуде бейіндік заңнама нормаларын іс жүзінде қолдану мәселелері, оның ерекшеліктері, соның ішінде іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін мемлекеттік аудит материалдарын прокуратура органдарына беру рәсімдері, прокуратураның сұраулары бойынша қорытынды беру үшін мамандарды тағайындау және заңнаманың басқа да жаңалықтары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстандағы мемлекеттік аудит қызметі бюджеттік процеске қатысушылардың ел экономикасының барлық салаларында түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін тексеруге және бағалауға бағытталған тұтас және тәуелсіз жүйе болып табылатыны атап өтілді.