Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың төрағалығымен аумақтық департамент басшыларының қатысуымен кеңес өткізіліп, онда 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындылары шығарылды.
Аталған жиында Қаржы министрлігінің тәуекелдерді басқару жүйесі мен ақпараттық жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде комитет пен департаменттердің қызметіндегі, сондай-ақ 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізімін орындауға байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Өз сөзінде Ержан Тілекұлы бюджет шығыстарын бақылаудың тиімділігін арттыру қажеттігін айтып, жыл соңына дейін бірқатар негізгі міндеттерді белгіледі. Әсіресе алдын алу тәсілі мен электронды аудитті белсенді пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын бір көзден жасасуға және сатып алу келісімшарттарына қосымша келісімдерге негізсіз келуге жол бермеуге ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.
Бұдан басқа, комитеттің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында аудиторлық блок қызметкерлерін оқыту және сертификаттау мәселелері пысықталды.
Кеңестің соңында Ержан Мыңжасаров барлығын 25 қазан – Республика күнімен құттықтай келе бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған бастамаларды белсенді енгізуге шақырды.