Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бюджетке 238 миллион теңге қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бюджетке 238 миллион теңге қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында 2021 жылы жүргізілген аудитті қорытындылады.

Сол кезде аудитпен "Өскемен қаласында фотовидеофиксация және бейнеаналитика жүйесін құру және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына есептерді негізсіз қабылдау белгіленді, бұл оның құнын асыра бағалауға және соның салдарынан негізсіз шығындарды төлеуге әкеп соқтырды.

Басқарманың осы аудиттің қорытындыларына шағымданғанын да атап өткен жөн.

Алайда, соңғы үш жылға созылған сот процестерінің нәтижесінде сот шешімімен Департаменттің талаптарын толық қанағаттандыру жөнінде шешім қабылданды.

Сот шешімін орындау мақсатында ағымдағы жылы "Көркем-Телеком" ЖШС өнім берушімен мемлекет кірісіне 238 млн теңге қайтарылды.