
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудиттік іс-шаралар барысында анықталған Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының бұзушылықтары бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері, Петропавл қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ Zoom режимінде қосылған аудандық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Семинарға барлығы 200-ден астам қатысушы қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру мекемелерінде жүргізілген аудиттік іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтарды болдырмау. Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар талқыланды: «Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер», «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер» және «Білім беру ұйымдары тарапынан жіберілген мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтарды талдау».
Талқылаулар барысында қатысушыларға білім беру саласын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын реттейтін заңнамалық талаптарды оқып-үйрену және сақтау бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Білім беру мекемелерінің қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін нормативтік актілерді қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.