
Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына арналған бекітілген кесте шеңберінде ІМАК-тің Сапаны бақылау басқармасымен аудиторлық іс-шара материалдарына жасалатын екінші деңгейдегі сапа бақылауының мәселелері бойынша техникалық оқулар жүргізілді (Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары, Алматы қаласы және Жетісу облысы бойынша ІМАД-нің қызметкерлері арасында).
Техникалық оқулардың басты мақсаты кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру, ішкі мемлекеттік аудит функцияларын табысты жүзеге асыру, сондай-ақ сапа бақылауын жүргізу рәсімдерін жақсарту үшін аудиторлық әдістемелер мен тәсілдерді қолдану бойынша практикалық көмек көрсету болып табылады.
Оқу барысында тыңдаушылар ІМАД-нің қызметкерлері тарапынан орын алатын жекелеген кемшіліктермен таныстырылды, сондай-ақ мәнділік деңгейін бағалау, аудиторлық дәлелдемелердің құрамы мен оларды анықтау және сенімділігі сұрақтары талқыланды.
ІМАД-нің ішкі мемлекеттік аудит саласындағы қызметін жетілдіру мақсатында Сапаны бақылау басқармасының мамандарымен аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар жасалды.