Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының қызметкерлері электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинарға Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің, полиция департаментінің және Қарағанды облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері қатысты.
Ішкі аудит қызметі мен ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жұмысын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді.