Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Марат Байдурин Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысына қатысып, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырудың негізгі аспектілері туралы баяндады.

Аталған тақырыптарды талқылау Комитеттің бухгалтерлік есеп, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы функцияларының маңыздылығын көрсетті, сондай-ақ бақылау субъектілері мен экономикалық қызметке қатысушыларды халықаралық стандарттардың ашықтығы мен сақталуына ынталандырды. Сонымен қатар, талқылау барысында министрліктің қызметіне қатысты басқа да мәселелер көтерілді.