Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Бахтияр Төлебайұлы Ашенов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департаменттің қызметін күшейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды, ұжымға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.