
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ камералдық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілеріне бармай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтарын уақтылы анықтау және жолын кесу, сондай-ақ аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады. Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік сатып алуда камералдық бақылаудың 191,8 мың рәсімімен жалпы сомасы 5,1 трлн теңге қамтылды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 24,3 мың рәсім бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары анықталды.
Белгіленген бұзушылықтардың ішінен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 23,2 мың хабарлама жіберіліп, оның ішінде 21,1 мың хабарламасы орындалды. Бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуде камералдық бақылаудың жоғары тиімділігін көрсетеді.
Мемлекеттік сатып алулардағы камералдық бақылау мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін қаржылық бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осындай тетіктердің арқасында мемлекет қаржыны басқарудың жоғары стандарттарына қол жеткізе алады және қоғамның мүдделерін қамтамасыз ете алады.