
Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың бірінші тоқсанында 6 аудиторлық іс-шара өткізіп, жалпы сомасы 16 554 868,0 мың теңге мөлшерінде бұзушылықтар анықтады. Онын 28 765,9 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар, ал 16 526 102,1 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Сонымен қатар, ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзылуы жатады.
Қабылданған ден қою шаралары шеңберінде 4 134,6 мың теңге бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілді. Департамент құқық қорғау органдарына 16 416 199,7 мың теңге сомасына аудит материалдарын жолдады. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 34 270,9 мың теңге сомасына 311 әкімшілік іс қозғалып, бюджетке толығымен өндірілді.
Сондай-ақ, 767 603 294,4 мың теңге сомасындағы Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді. Аталған бұзушылықтар бойынша оларды жою туралы хабарламалар жіберілді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік атқару саласындағы заңнамасының нормаларын сақтамау бюджетті әзірлеу мен орындаудың, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдаланудың бұзылуына әкеліп соқты.
Қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін мекеме басшылары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар ұсынылды Бұл шаралар мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану үшін ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған.