«Болашақ аудиторларды дайындау туралы»

«Болашақ аудиторларды дайындау туралы»

Ел экономикасын дамыту қажеттілігі жағдайында мемлекеттік органдар да, бизнес-құрылымдар да жоғары білікті аудиторларды, бухгалтерлер мен қаржыгерлерді дайындауға мүдделі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік органдардың, акционерлер мен инвесторлардың экономикалық мүдделерді сақтауы мамандардың біліктілік деңгейі мен қағидаттарына байланысты.

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, онда аудиторларды, бухгалтерлер мен қаржыгерлерді даярлау мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша «бизнес-процестерді есепке алу, аудит және талдау», «Қаржы және аналитика», «Бухгалтерлік есеп, аудит және контроллинг», «қаржы экономикасы», «есеп, аудит және контроллинг», «Қаржы және экономика» мамандықтары студенттерінің оқу, өндірістік, дипломалды практикадан өтуі туралы шарт жасалды.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін болашақ мамандарды сапалы даярлауға бағытталған мемлекеттік университетпен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар құрылды.

Бұл кездесу Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің персоналмен жұмыс және ведомстволық бақылау басқармасы өкілінің қатысуымен ұйымдастырылды.