
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде "ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы" тақырыбында аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыс барысында Комитеттің құрылымдық басқармалары басшыларының электрондық аудит, сапаны бақылау, камералдық бақылау бағыттары бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этика нормаларын сақтау туралы баяндамалары тыңдалды.
Бюджет шығыстарын бақылауды күшейту мақсатында ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы аумақтық департаменттер мен басқармалар басшыларының алдына 2024 жылға нақты міндеттер қойды.