2020 жылғы 12 маусымда ҚР Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтті

2020 жылғы 12 маусымда ҚР Қаржы министрі  Е.К. Жамаубаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтті

Министрліктің мақсаттары мен міндеттері экономиканы орнықты дамыту, қазақстандықтардың нақты әл-ауқатын арттыру және цифрландыру бойынша стратегиялық міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруға бағытталған.

ҚР Қаржы министрлігінің негізгі басымдықтары: салықтардың жиналуын 2025 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ға дейін ұлғайту, борыштық шектеулерді сақтау, бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттік рәсімдерді оңайлату.

2019 жылы мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңартылды.

Қағаздағы құжат айналымы  толығымен алынып тасталды, бұл республикалық бюджетті жоспарлау процесінің шығындары мен уақытын қысқартады және барлық рәсімдердің ашықтығын арттырды.

Үкіметтің есептілігі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі Ашық бюджет тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

         Оны енгізудің мақсаты - азаматтарға бюджет процесімен танысуға және бюджет қаражатының шығыстарын талқылауға қатысуға мүмкіндік беру.

         «Халықтық қатысу бюджеті» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық бюджетті жасау және ұсыну, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу мәселелері нормативтік реттелген.

Ағымдағы жылы 600 млн. теңгеге жуық сомаға Нұр-Сұлтан қаласында және 1,4 млрд.теңгеге Алматы қаласында пилоттар көзделген.

Бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 98-ші қадамы орындалды. 2018 жылдан бастап 2020 жыл аралығында 2 350 ауылдық округ қосылды.

Мемлекеттік сатып алу процесі толығымен автоматтандырылған. 2019 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 3%-ға артып, мемлекеттік қаражатты үнемдеу 361 млрд. теңгені құрады. Барлық уақыттағы ең жоғары деңгей.

Мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру осы саладағы бұзушылықтарды 765 есеге азайтты. Бір көзден сатып алуды қысқартатын және 1 күн ішінде тауарларды бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін Электрондық дүкен іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ Электрондық депозитарий құрылады.

Мемлекеттің экономикадағы үлесі ІЖӨ-нің 16,2% құрайды. Біздің мақсатымыз - оны 15 пайызға дейін төмендету. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында мемлекеттік меншікке және квазимемлекеттік сектор объектілеріне 533,1 млрд теңгеге 503 объект сатылды. Жекешелендірудің кешенді жоспарын 2020 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда. Мемлекеттік меншіктегі 62 объектіні сату аяқталды, оның 34-і аукционға қойылды.

Тәуекелдерді басқарудың жетілдірілген жүйесі 2019 жылы салықтық тексерулердің санын үштен бірге азайтуға мүмкіндік берді. Салық түсімдері 36% -ға немесе 323 млрд теңгеге өсті.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Kaспий және Халық банктерімен бірге салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар іске қосылды. Нәтижесінде, өткен жылы тұрғындар төлеген салық көлемі 2,5 есе өсті.

Алдағы салық төлемдерін төлеу қызметі іске қосылды, бұл салық сомасын мерзімінен бұрын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жылдан бастап «Е-Salyq – Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды, ол көптеген деректемелерді толтырмай салықтарды төлеуге, қате төлемдерді болдырмауға, онлайн толықтыруды жүргізуге, 2 минут ішінде салықтарды автоматты есепке алуға және автоматты түрде төлеуге мүмкіндік береді.

Министрлік салықтық-кедендік бағытта, мемлекеттік мүлік, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудит саласында 50 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 42 немесе 84% мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Осылайша, Мемлекет басшысының 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80%-ын автоматтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалды.

Экспорт және импорт бойынша барлық операцияларға қолжеткізудің бірыңғай нүктесі ретінде «Бір терезе» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл портал кеден операцияларын жасау кезінде ақпарат алу үшін 13-тен астам ақпараттық ресурстарды біріктірді.

«Бір терезе» электронды түрде барлық қажетті рұқсат құжаттарын және тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпаратты алуға мүмкіндік береді.Қабылданған шаралардың арқасында аталған қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың әрекетінің ашықтығы артты.

Биылғы жылы электрондық форматқа тағы 5 мемлекеттік қызмет көшіріледі немесе оның үлесі 94%-ға дейін жеткізілетін болады.