ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2023 жылғы камералдық бақылау қорытындылары

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2023 жылғы камералдық бақылау қорытындылары

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

Осылайша, 2023 жылдың ішінде жалпы сомасы 12,5 трлн. теңгеге 530,0 мын. мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы 75,9 мын. процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.

Мемлекеттік аудит объектілері камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 70,7 мын. (95,6%) хабарламаны орындады.

Қабылданған шаралармен хабарламаларды уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылы Комитет шығыс операцияларын тоқта тұру туралы 125 өкім шығарды.