Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жалпы құқық қолдану практикасын қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде комитеттің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерінің қызметіне апта сайын мониторинг жүргізеді.
Қаржылық бұзушылықтардың, сондай-ақ бюджет кірісіне салынған әкімшілік айыппұлдардың сомаларын өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс 2023 жылдың 9 айында әкімшілік айыппұлдар сомасын өндіріп алу бөлігінде ҚР ӘҚБтК нормаларын қолданудың оң динамикасын көрсетті, бұл көрсеткіш 96% -ды құрады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында сомасы 810 416 760 теңгеге 7766 іс қозғалып, 773 948 026 теңге өндірілді.
Ал 2022 жылдың 9 айында салынған айыппұл сомасы 614 471 894 теңгені құрап, 556 807 596 теңге өндірілді.
Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 айында салынған айыппұлдар сомасы 2022 жылдың ұқсас кезеңінде салынған айыппұлдар сомасынан 32% - ға артық, ал бюджетке өндірілген айыппұлдар сомасы 39% - ды көрсетті.
Өндіріп алынбаған айыппұлдар сомасы 36 468 734 теңгені (4%) құрайды, бұл заңды күшіне енбеген немесе мәжбүрлеп өндіріп алудағы материалдар.
Әкімшілік практиканы тексеру мен мониторингті дербес жүргізу және бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі шараларды күшейту бойынша жұмыс жалғасуда.
Ішкі мемлекеттік аудит органдары жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін одан әрі күшейту және арттыру мақсатында ҚР ӘҚБтК нормаларын және енгізілген түзетулерді неғұрлым толық зерделеу бойынша тұрақты түрде техникалық оқулар да жүргізіледі.