
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 2023 жылдың І жарты жылдығында барлығы 65 аудиторлық іс-шара жүргізілді, нәтижесінде жалпы сомасы 2 млрд 300 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды.Қазіргі таңда, оның 1 млрд 300 млн теңгесі бюджетке өтеу және қалпына келтіру жолымен орындалды.
Осыған орай, Департамент тарапынан мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы барлығы 55 нұсқама жолданып, оның 38-і толығымен орындалды, ал қалған 17 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген.Аталған нұсқамалар бойынша тексерілген мекемелердің 58 жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Және, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 244 хаттамалар толтырылып, нәтижесінде 28 млн 200 мың теңге айыппұл салынып, оның 25 млн 800 мың теңгесі бюджетке төленді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың І жарты жылдығында білім беру ұйымдарында артық еңбек ақы аудару және нақтысында жұмыс жасамайтын тұлғаларға еңбек ақы есебінен ақша қаражаттарын аудару бойынша бұзушылықтар анықталып, олар бойынша 8 мемлекеттік аудит материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға жолданып, нәтижесінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.