
Биылғы жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылыққа жол берген 15 000 өтінішті тексерді. Осылайша мәселелері бар 2 мыңнан астам лот анықталды. Тексеру камералық бақылау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Бұл мемлекетік сатып алулар веб-сайтында тұрақты түрде тексеру. Бұл жұмыс тапсырыс берушіге мәселені алдын-ала ескерте отырып, айыппұлдан құтылуға және шемімін табуға мүмкіндік береді.
Камералық бақылаудың басты ерекшелігі техникалық қателік дұрысталғаннан кейін нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы екінші тоқсан бойынша айтар болсақ, жалпы 15 мыңға жуық лот қамтылды. Әрине, бұзушылықтар анықталды, бірақ, өткен жылғы статистикамен салыстырғанда азаю тенденциясы бар.
Негізгі бұзушылықтарға келетін болсақ, негізсіз біліктілік талаптары, негізсіз жұмыс тәжірибесін белгілеу бөлігінде жеткізушілерге қойылған шектеулер. Мемлекеттік сатып алуларды жариялауда ұлттық стандарттардың болмауы.