
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының алғашқы облыстық кезеңі Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық департаменттерінде әдеп жөніндегі уәкілдердің функциялары жүктелген қызметшілер арасында өткізілді.
Бұл, өз кезегінде, әдеп жөніндегі уәкіл институтын нығайту арқылы мемлекеттік органдарға деген қалықтың сенімінің өсуіне, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын бұзу жағдайларының алдын алуға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.
Конкурс жеңімпазын анықтау үшін арнайы конкурстық комиссиясы құрылып, аталған комиссия конкурсанттарды бағалаудағы негізгі критерийлерінің қатарында мемлекеттік қызметте адалдық, адал ниеттілік, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарын іске асыруға бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс нәтижесі кіреді.
Осыған орай, конкурстық комиссияның бағалау нәтижесіне сәйкес «Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің үздік әдеп жөніндегі уәкілі» болып Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Байқожаев Дәурен Бақытұлы танылды.