
Кездесуге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Алпысов, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы А. Досыбаев, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының директоры Е.Кульпеисов, облыстық басқармалар басшылары қатысты.
Отырысқа сондай-ақ, кәсіпкерлер. Қарағанды облысы аумағында құрылыс нысандарын салатын, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиын басында отырыс төрағасы, Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Арыстанбеков мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, бизнесті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қабылданған шаралар және «Бизнеске жол» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтты.
Жиын барысында Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.Досыбаев «Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жиі бұзу және оларға жол бермеу шаралары туралы» тақырыбында баяндама жасады .
Жиын қорытындысы бойынша облыстық басқарма басшыларына кәсіпкерлердің мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.