
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ж. Е. Молдагалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі аспектілері тақырыбында брифинг өткізді. Өз сөзінде Ж.Е. Молдағалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңының маңыздылығын атап өтті.
Жасұлан Елжанұлы 2023 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47 – бабы шеңберінде әлеуетті өнім берушілердің 560 шағымы түскенін, сонын ішінде 243-і қараудан бас тартылғанын атап өтті.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Департаментпен 252,0 млрд. теңге сомасына 10 136 лот қамтылды және тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың атына 9,8 млрд.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша бұзушылықтарды жоюға 560 хабарлама жіберілді, оның ішінде 498 хабарлама бойынша 7,8 млрд. теңге сомасына орындалды.Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 207-бабы бойынша 14,1 млн. теңге сомасына 301 әкімшілік хаттама жасалды, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 462-бабы бойынша 16 әкімшілік хаттама жасалды.Рәсімдерді оңайлату мақсатында рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі көзделген.Аталған жүйені қолдана отырып, конкурс сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан да, тексеруші органдар тарапынан да кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін елеулі түрде азайтатын сатып алу процесіне адамның қатысуын толық алып тастауды айқындайды.