
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Қасымов Сакен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылғы және 2023 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы» брифинг өткізді.
Брифинг барысында Департамент басшысы 2022 жылғы және 2023 жылғы 1-тоқсандағы атқарылған жұмыс қорытындылары жайлы есеп берді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.