
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 1 тоқсанында 32 аудиторлық іс - шара өткізді (оның ішінде жоспардан тыс - 28, тізбе бойынша - 4). Аудитпен қамтылған қаражат көлемі - 7,2 млрд теңге.
Аудиторлық іс – шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге (үлес салмағы – 51,3%) қаражатты пайдалану кезінде заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 782,1 млн теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-2,9 млрд теңге.
Бюджетке өтеу, қалпына келтіру, бухгалтерлік есеп бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 2023 жылы 782,1 млн теңгені құрады, оның ішінде:
- бюджетке өтеу - 79,0 млн теңге;
- қалпына келтіруге жататындар - 703,1 млн теңге;
Департамент қабылдаған шаралармен 725,8 млн теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді. Оның ішінде бюджетке 67,7 млн. теңге өтелді, 658,1 млн. теңге қалпына келтірілді.
Жалпы сомасы 56,2 млн теңгеге 9 нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталмаған, ал 9 нұсқама бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Осылайша, жойылған қаржылық бұзушылықтардың үлесі 96,9% құрады. (Операциялық жоспардың жоспарлы көрсеткіші 92%).
2023 жылғы 1 тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен ішкі мемлекеттік аудит материалдары бойынша 8 лауазымды тұлғаға 1,4 млн теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылды, олар бюджетке толығымен өндірілді.
Процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 2023 жылдың 1 тоқсанында барлығы 28,1 млн теңге сомаға 2 аудит материалы жіберілді, оның ішінде аудит материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 30 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді; есепті кезеңде нақты орындалуы 29 құрады, орындалған нұсқамалардың үлесі 96,6% құрады (Операциялық жоспардың жоспарлы көрсеткіші 85%).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 19 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.