«Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

«Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекетті аудит департаментімен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджеттен бөлінген қаражаттарының пайдалануының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара барысында, ҚР Еңбек Кодексінің 23.11.2015 жылғы  №414-V Кодексінің 139 бабының 9, 10 тармағы,  ҚР Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысының 1,3 тармақтары мен 4,18 қосымшаларының, ҚР 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығы 215 тармақтарында мемлекеттік мекеменің жасалған азаматтық құқықтық мәмілерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді деген талаптар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 187 тармағынның талабы сақталмай, 74 200,1 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» № 540 бұйрығының 168 тармағы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V ҚРЗ Заңының 39 бабы 19 тармақшасының талаптарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, жалпы 74 200,1 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар толық орындалды.