2023 жылдың 1 тоқсанына ШҚО бойынша ІМАД аудиторлық іс-шараларының қорытындылары

2023 жылдың 1 тоқсанына ШҚО бойынша ІМАД аудиторлық іс-шараларының қорытындылары

2023 жылдың  1 тоқсанында  ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) жалпы сомасы 517,2 млн.теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамти отырып, 16 аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 362,2 млн. теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар,  сонымен қатар  65 факті бойынша рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметін жақсартуға бағытталған 15 нұсқама мен тиісті ұсынымдар жіберілді.

Қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл аясында процестік шешім қабылдау үшін  2 аудит материалы берілді, талап қою жұмыстары бойынша Департамент сотқа 4 талап арыз берді, олар толық көлемде қанағаттандырылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін  1,4 млн.теңге айыппұл сомасына 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 15  лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы сомасы  71 347,7  млрд.теңге  мемлекеттік сатып алудың  6 684 рәсімі камералдық бақылаумен  қамтылды, нәтижесінде  5 391 млрд. теңге сомасына 780 лот бойынша бұзушылықтардың уақтылы жолы кесілді.

2023 жылдың 1 тоқсанында Департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен этикалық нормаларын арттыруға бағытталған  27 семинар-кеңес өткізілді.