ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Қазіргі уақытта, ІАҚ жалпы штат саны 265 бірлікті құрайтын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының 68 қызметтен тұрады.

2022 жыл ішінде ІАҚ аудиторлық іс-шаралары 529 аудит объектісінде өткізілді, оның барысында 3 198 944,4 млн. теңге қаражат қамтылды (ОМО ІАҚ – 2 757 575,7 млн. теңгені қамтумен 294 объект, ЖАО ІАҚ – 408 762,8 млн. теңгені қамтумен 213 объект, ҚР ІІМ ІІМ ІАҚ – 32 605,9 млн. теңге қамтумен 22 объект).

Оның ішінде 165 объектіде сәйкестік аудиті (ОМО ІАҚ – 102, ЖАО ІАҚ – 41, ІАҚ ДП - 22), 91 объектіде тиімділік аудиті (ОМО ІАҚ – 45, ЖАО ІАҚ – 46),

273 объектіде тиімділік және сәйкестік аудиті (ОМО ІАҚ – 147, ЖАО ІАҚ – 126) жүргізілді.

Жүргізілген аудит нәтижелерімен 106 905,5 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды (ОМО ІАҚ – 95 720,8 млн. теңге, ЖАО ІАҚ – 11 155,7 млн. теңге, ЖП ІАҚ – 29 млн. теңге), оның ішінде қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын сома 106 905,5 млн. теңгені құрады (ОМО ІАҚ – 95 720,9 млн. теңге, ЖАО ІАҚ – 11 155,7 млн. теңге, ЖП ІАҚ – 29 млн. теңге).

Есепті кезеңде жалпы сомасы 94 501,9 млн. теңгелік бұзушылықтар қалпына келтіріліп және бюджетке өтелді (ОМО ІАҚ – 87 694,9 млн. теңге, ЖАО ІАҚ – 6 778 млн. теңге, ЖП ІАҚ – 29 млн. теңге).

Аудиторлық іс–шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға аудит объектілеріне 496 шешім жіберілді (ОМО ІАҚ – 274, ЖАО ІАҚ – 201, ДП ІАҚ-21).

Құқық қорғау органдарына 22 977,5 млн. теңгелік бұзушылықтар анықталған 58 материал берілді (ОМО ІАҚ – 20 474 млн. теңгеге 44 материал, ЖАО ІАҚ – 2 503, млн. теңгеге 13 материал, ІАҚ ЖП – 1 материал).

Тәртіптік жауапкершілікке 623 лауазымды тұлға (ОМО ІАҚ – 305, ЖАО ІАҚ – 302, ПД ІАҚ – 16), әкімшілік жауапкершілікке 265 лауазымды тұлға тартылып, жалпы сомасы 42,4 млн.теңгелік айыппұл салынды (ОМО ІАҚ - 28 млн. теңге сомасына 158 тұлға, ЖАО ІАҚ – 14,2 млн. теңге сомасына 106 тұлға, ПД ІАҚ- 0,2 млн. теңге сомасына 1 тұлға) тартылды.

Есепті жылы анықталған бұзушылықтардың үлесі аудиторлық іс – шаралармен қамтылған қаражат көлемінің  12,8 % - ын  яғни 441 924,3 млн.теңгені құрады (2021 жылы – 18,8 %). Бұл ретте есепті жылы  қаржылық бұзушылықтардың үлесі бюджет қаражатының қамтылған сомасының небәрі 3,3%- ын немесе 106 905,2 млн.теңгені құрады (2021 жылы-1,1%).