
Аршалы ауданында ағымдағы жылдың 24 наурызында «ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ басшының орынбасары Шарап Сейтқасымұлы Сәдуақасов Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік жүктемені және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Талқылау барысында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар басшыларының осы саладағы жаңалықтарға қызығушылығы атап өтілді.
Бір көзден сатып алуды қысқарту, оларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дұрыс жүргізуі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысушылардың біліктілігі мен жауапкершілігін тұрақты арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында Шарап Сейтқасымұлы осы салада туындайтын проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдады.