
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров 24.03.2023 жылы Қызылорда облысы халқымен онлайн кездесу өткізді.
Онлайн кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Халық тарапынан бір қатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар білдірілді және толыққанды жауап алынды.