Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" МКҚК-да жүргізілген аудит қорытындылары

Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" МКҚК-да жүргізілген аудит қорытындылары

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлары Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" МКҚК-да қаржылық есептілік аудитін жүргізгеннен кейін көңіл көншітпейтін қорытындыларға келді. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 544 698,9 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 258 548,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 286 150,8 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген талаптарды бұза отыра, Кәсіпорын 2020-2021 жылдарға жалпы сомасы 6 510,0 мың теңгеге пайдаланылмаған трансферттерді қайтаруды жүргізбеген.

Бұған қоса, Кәсіпорынмен 2019-2021 жылға арналған штат кестесінде  Үлгілік штат бойынша көзделген бірліктер орнына жалпы сомасы 32 874,7 мың теңгеге штаттан тыс бірліктер ұсталған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 80,5 мың теңге жалақыны артық төлеу белгіленді, бұл сома Кәсіпорын кассасына қайтарылды. Сондай-ақ үш қызметкерге жалақы жалпы сомасы 2 629,0 мың теңгеге артық төленді.

Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу кезінде жалпы сомасы 2 183,1 мың теңгеге артығы, яғни нақты мүліктің және бухгалтерлік есеп деректерінің айырмашылығы анықталды.

Тексерілген кезеңде Кәсіпорын жалпы сомасы 255,8 мың теңгеге шығыстар нормасынан тыс жанар-жағармай материалдарын есептен шығаруға жол берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары белгіленді, осылайша бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу қорытындыларына 7 734,3 мың теңге сомасына әсер етті.

Аудит қорытындысы бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал еткен негізгі себептер мен жағдайлар бюджет, мемлекеттік сатып алу және басқа да нормативтік-құқықтық актілер саласындағы заңнаманың тиісінше сақталмауы, сондай-ақ кадрлардың біліктілігінің төмен деңгейі болды.

Айта кету керек, аудит барысында 336,3 мың теңге сома өтелді, 249 072,8 мың теңге сомаға есепке алу бойынша көрсету жолымен және жалпы сомасы 286 150,8 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар қалпына келтірілді.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама шығарылды және міндетті орындау үшін жіберілді.