Тәуекелдерді басқару жүйесі өзектілігін дәлелдей түсті

Тәуекелдерді басқару жүйесі өзектілігін дәлелдей түсті

Қаржылық бұзушылықтардың, бюджет қаражатын негізсіз шығындаудың және мемлекетке экономикалық залал келтірудің уақтылы алдын алу және жол бермеу мақсатында Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент), негізсіз төленген қосымша құн салық (ҚҚС) сомаларын бюджетке қайтару шаралары қабылданды.

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, деректерді мониторингтеу нәтижелері бойынша 2019-2022 жылдар кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде, өнім берушілерге ҚҚС төлеу бойынша міндеттемелерді негізсіз қабылдаудың жоғары тәуекелі анықталды.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ықпал ету тетіктерінің бірін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелер мониторингі нәтижелері бойынша, тапсырыс берушілердің Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар құнына ҚҚС сомасын негізсіз қосу фактілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жүргізген мониторинг қорытындысы аумақтық бөлімшелерге жеткізілді, соңғылармен өз кезегінде 2019-2022 жылдар аралығындағы расталған фактілер бойынша ден қою шаралары қабылданды.

Сонымен, Департаментпен жалпы сомасы 36,07 млн. теңгені құраған 97 мемлекеттік сатып алулардың келісімшарттарын зерделеумен, негізсіз ҚҚС сомаларын аудару фактісі 133 шарт бойынша 36,07 млн. теңгеге расталып, сол себептен  "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылданып, нәтижесі бойынша жалпы сомасы 18,07 млн. теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілді, оның ішінде бюджет кірісіне 17,43 млн. теңге өндірілід және тапсырыс берушілердің кірісіне қалпына 0,64 млн. теңге келтірілді. ҚҚС сомасын негізсіз аудару 13 шарт бойынша 1,76 млн. теңгеге негізсіз аудару фактісі расталмады.

Қалған даулы жағдайлар бойынша, Департаменттің хабарламалары негізінде тапсырыс берушілермен, сотқа дейінгі реттеу шараларынан кейін, сотқа арызбен жүгіну қолға алынды.

Ақпараттық сот жүйесінің деректеріне сәйкес, Бесқарағай ауданы бойынша бір ауылдық округі әкімдігінің талап-арызы бойынша өнім жеткізушіден бюджет кірісіне 1,79 млн. теңге өндірілді. Аталған бағытта Департаментпен мониторингтеу жалғасуда.