"Нұрлы жер", "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту", "Өңірлерді 2025 жылға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламалары бойынша аудит қорытындылары

"Нұрлы жер", "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту", "Өңірлерді 2025 жылға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламалары бойынша аудит қорытындылары

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Астана қаласының Құрылыс басқармасында "Нұрлы жер", "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту", "Өңірлерді 2025 жылға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануға аудит жүргізілді.

Аудитпен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып, Басқармамен мердігерлердің шарттың орындалуын енгізуді уақтылы ұсынуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданбағаны анықталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарын бұза отырып, Басқарма 7 құрылыс объектісі бойынша төлеуге қабылданған жұмыс көлемінің нақты орындалған жұмыс көлеміне сәйкес келмеуі салдарынан жалпы сомасы 81558,5 мың теңгеге орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығын қамтамасыз етпеді.

Бұдан басқа, Басқарма ҚР Бюджет Кодексінің нормаларын бұза отырып, жалпы сомасы 97 010,4 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдар жіберілді, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама енгізілді.

Тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына жіберілді.