Анық емес ақпаратты ұсыну – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіміне енгізудің негізі

Анық емес ақпаратты ұсыну – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіміне енгізудің негізі

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу кезінде өтінімді қарау кезеңінде анықталған біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпаратты ұсыну әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға және оны конкурсқа қатысуға жібермеу үшін негіз болып табылады.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы "Север-капитал" ЖШС-нің әлеуетті өнім берушісінің "Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету жөніндегі қызметтер" атты конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша анық емес ақпаратты беруі бойынша шағымы келіп түсті.

Камералдық бақылау жүргізу барысында конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтер ұсыну фактісі анықталды.

Осылайша, Департамент Ұйымдастырушының атына бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

Бұған қоса, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі

Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша беретін ақпараттың анықтығын уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде анықтауы мүмкін.

Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде:

1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;

2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.

Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Сондай-ақ, заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдау үшін Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне хат жолданды.