
2023 жылдың 22 ақпанында Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствасы өкілінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңашылдықтары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствасының өкілі А.Э. Уандықов Қазақстан Республикасының cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар туралы баяндама жасады.
Баяндамада, Департамент қызметкерлеріне ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылғанын хабарлады.
Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге, құқықтық олқылықтарды жоюға, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдатуға, әлеуметтік осал санаттардағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге, жазаны өтеу шарттарын өзгертуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулердың қабылдануы мен пара берушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталғаны айтылды.
Сондай-ақ, спикер осы Заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ өзге де заңдарда сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер заңнамада белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бұл бүкіл мемлекеттің міндеті және оның шешімі тікелей Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жүктелген.
Сонымен қатар, семинар барысында Департамент басшысының орынбасары Д. Байқожаев ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау бойынша 20-дан астам іс-шара өткізілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, Департамент басшысының орынбасары Р.Хайдар аудиторлық іс-шараға шығу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нұсқама жүргізу және танысу туралы мемлекеттік аудитордың (мемлекеттік аудитордың ассистентінің) жадынамасына қол қою міндетті шарт болып табылатынын айтты.
Семинарды қорытындылай келе, семинарға қатысушылар арасында қойылған сындарлы және нақтылайтын сұрақтар белсенді талқыланып, оларға толық жауаптар алынды.