
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сағынжанұлы Бауыржан Қабдыраштың қатысуымен Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат және мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамадағы негізгі өзгерістер тақырыбында» брифингі өтті.
Брифинг барысында Департамент басшысы 2022 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары жайлы есеп беріп, 2023 жылға қойылған міндеттер мен мақсаттар жайында баяндап өтті.