Ішкі мемлекеттік аудитті өткізудің ерекшеліктері

Ішкі мемлекеттік аудитті өткізудің ерекшеліктері

Мемлекеттік аудит - бұл бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін Жоғары аудиторлық палатасы, жергілікті деңгейде тексеру комиссиялары және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ұсынады. Бұл ретте нақты мемлекеттік орган шеңберінде жүзеге асырылатын ішкі аудит мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сенімділігін, тұрақтылығын және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін өзіндік тетік болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігіне, сәйкестік аудитіне аудит жүргізу, сондай-ақ камералдық бақылау жүргізу бекітілді. Ішкі мемлекеттік аудит орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіруге және арттыруға бағытталған. Оның бұзушылықтарды анықтауға және ден қою шараларын қабылдауға бағытталған мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінен айырмашылығы -  ескерту сипатына ие болуы.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.