Камералдық бақылау, әрекет ету шарасы ретінде

Камералдық бақылау, әрекет ету шарасы ретінде

Бүгінгі күні бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сатып алу жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу саласын бақылау камералдық бақылау шеңберінде жүргізіледі.

Осылайша, камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган осы Заңда және камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай жүргізеді.

Заңнамаға сәйкес камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алу саласын бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін ғана жүргізіледі.

Сонымен қатар, камералдық бақылаудың негізгі мақсаты объектіге бұзушылықты өз бетінше жоюға мүмкіндік беру арқылы сатып алудағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.

Сонымен қатар, камералдық бақылаудың негізгі функциясы әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Бақылаудың жоғарыда аталған түрі конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрау, бір көз, тауар биржалары сияқты сатып алуды өткізу рәсімдерін қамтиды.

Камералдық бақылаудың негізгі ден қою шаралары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу, мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ хабарлама орындалмаған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Сондай-ақ, камералдық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеусіз жүзеге асырылатынын атап өту қажет.