
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс барысында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қорытындылары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес ісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа бөлінетін қаражаттың тиімділігі мен уақтылы игерілуі болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды уақтылы жоспарлау мақсатында мемлекеттік тапсырысты іске асыруды ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей бастау ұсынылады.
Өңір әкімі өз жұмысының тиімділігін бағалауда қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың рөлін арттыруға ерекше назар аударды, сондай-ақ барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді жоюға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарын орындауға дереу кірісуді тапсырды.