
Департамент басшысы болып 1979 жылы туған Атырау облысының тумасы Маулен Мутиев тағайындалды.
Біліктілігі экономист, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген.
Еңбек жолын Атырау мемлекеттік архивінің бас бухгалтері болып бастаған.
Мемлекеттік қызметтің жалпы өтілі 22 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде 19 жылдан астам.
Маулен Асқарұлы меритократия қағидаты бойынша Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бас маманынан Ішкі мемлекеттік аудит комитеті басқармасының басшысына дейінгі жолды өтті.
8 жылдан астам ІМАК орталық аппаратында жұмыс істеді, оның ішінде 3 жыл Сәйкестік аудиті басқармасын басқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысы бойынша ІМАД басшысының орынбасары қызметін атқарды.
"Қаржы қызметінің үздігі" ведомстволық наградасымен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.