Елорданың денсаулық сақтау мекемесіне жүргізілген тексеріс қалай аяқталды?

Елорданың денсаулық сақтау мекемесіне жүргізілген  тексеріс қалай аяқталды?

Денсаулық сақтау - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты болып табылады. ҚР заңнамасының талаптарына қарамастан, елорданың денсаулық сақтау мекемесінде Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлары анықтаған бірқатар бұзушылықтар байқалады. Мұны Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық көп бейінді ауруханасында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша көруге болады.

Астана қаласы әкімдігінің №2 көпбейінді қалалық ауруханасында ақша қаражатының сақталу мәселесі бойынша өткізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша есеп беретін тұлға - бухгалтер-кассирден 32 619,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:   

- материалдық-жауапты тұлғамен кассада жалпы сомасы 32 592,8 мың теңгеге ақша қаражатының және АИ-92 маркалы ЖЖМ талондары мен дизель отынының жетіспеушілігіне жол берілді, жалпы сомасы 26,5 мың теңгені құрады.

Аудит материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.